Димаш Құдайберген БҰҰ-ның Қытайдағы мерекелік шарасында ән шырқады

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген 24 қазан күні БҰҰ күніне байланысты Бейжің қаласында өткізілген мерекелік шарада ән шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ifeng.com порталының хабарлауынша, Димаш көрермендерге қазақ және қытай тілінде «Ұмытылмас күн» әнін орындап берген.

Еске сала кетейік, Димаш ағымдағы жылдың басында Қытайдың «Singer-2017» ән додасында бағын сынап екінші орын жеңіп алған болатын. Отандасымыздың байқаудың әр кезеңінде шырқаған әндері оны әлемдік деңгейдегі танымал әнші атануына мүмкіндік берді. Сондай-ақ ол көптеген халықаралық сыйлықтарды жеңіп алды. 

null 

Соңғы жаңалықтар