Димаш Құдайберген Брэд Питт, Леонардо ди Каприодан да көрікті болып шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - TC Candler тәуелсіз сарапшылары 2017 жылдағы ең сымбатты да көрікті адамдардың жүздігін жасап шығарды. ТОП-100 тізімінде жерлесіміз Димаш Құдайберген ең әдемі ер адамдар арасында 76-шы орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның үстіне Димаш Құдайберген Райан Гослин (91 орын), Леонардо ди Каприо (87 орын), Дуэйн Джонсон (82 орын), Брэд Питт (78 орын) сияқты атағы жер жарған Голливуд жұлдыздарынан алға шығып кетті.

Әлемдегі ең әдемі ер адамдардың үздік үштігін америкалық Амри Хаммер қорытындыласа, тағы бір америкалық актер Джейсон Момоа екінші орында. Тізімнің ең басында оңтүстіккореялық әнші Kim Tae - Hyung тұр. Үздік жүздік әйгілі биші Джозеф Адам Джонастың есімімен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар