Димаш Құдайберген: Біз сені жақсы көреміз, Данэлия

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемге танымал қазақстандық əнші Димаш Құдайберген украиналық «Голос. Дiти» əн байқауында жеңіске жеткен 11 жасар Данэлия Төлешованы құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алақай! Біздің ханшайым, сұлу қыз, теңдессіз талант иесі жəне жай ғана тəрбиелі қыз Данелёк жеңіске жетті, достар! Барлық жерлестерімді шын жүректен құттықтаймын жəне Данэлияға Қазақстанның Тəуелсіздік күніне жасаған ерекше сыйы үшін алғыс айтамын. Біз сені жақсы көреміз!» - деп жазды Димаш өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

Еске сала кетсек, 11 жасар алматылық Данэлия Төлешова «Голос. Дiти» шоуында жеңіске жетті. Суперфиналда жас орындаушы «Океан Эльзы» тобының «Не твоя війна» əнін шырқап, жетекшісі MONATIK пен көрермендердің көзіне жас алғызды.

Жеңіспен бірге Данэлия "Наше радионың" 3 айлық ротациясы мен Париж қаласындағы Disneyland-ке жолдама алды.

«Шынымды айтсам, мен өзімді әлі жұлдыз сезініп отырған жоқпын. Жобадан соң екі сағаттай ғана ұйықтадым. Үйіме жеткен соң ғана бәрін анық сезінетін болармын», - деді жеңімпаз 1+1 арнасының «Сніданок з» таңғы шоуында.

5 қарашада басталған шоуда қазақстандық әнші жобаның жарық жұлдызына айналды. Данэлияның өнер көрсеткен видеосын 6 млн адам тамашалаған.

Ураа!!!Наша принцесса,красавица,невероятный талант и просто хорошо воспитанная девочка-Данелёк победила,друзья! Я от всей души поздравляю всех своих земляков и хочу поблагодарить Данелию за прекрасный подарок ко дню независимости Казахстана. Мы тебя любим! @tuleshova_daneliya

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) Дек 18 2017 в 4:38 PST

Соңғы жаңалықтар