Димаш Құдайберген ақтөбеліктерге ерекше ықыласын жеткізді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Туған жер» форумы аясында мерекелік шара өтіп, онда Димаш Құдайберген «Туған жер», «Жұлдызым» әндерін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форумға арнайы келген Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік-жекеменшік, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынып жатқан әлеуметтік нысандар құрылысымен, жұмысымен танысты . Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан дзюдодан халықаралық турнирді тамашалап, орта мектептің ашылуына қатысты. 

Ал кешкілік Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда мерекелік шара өтті. Концертте Мирас пен Құралай Бекжановтар, Жанар Айжанова, Қанат пен Света Айтбаевтар өнер көрсетті. Кейін ақтөбеліктерге Димаш Құдайберген «Туған жер», «Жұлдызым» композицияларын орындап берді.

«Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Қазақта алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді деген жақсы сөз бар. Кішкентай ғана қонақкәдемді, өнерімді бағалап, қол соғып жатқандарыңызға рахмет! Сіздерді қатты сағындым, қатты жақсы көремін!»,- деді Димаш. 

Шара барысында сондай-ақ «МузАРТ» тобы «Өз елім» әнін шырқады. Ал театрландырылған көрініс кезінде жастар алаңға тарының масағын алып шығып, кейін Қанат пен Света Айтпаевтардың орындауында «Астана» әні шырқалғанда Бәйтерек символы сомдалды. Ал опера әншісі Венера Алпысбаева «Қарлығаш» әнін орындағанда орталық стадион аспанын құстар торуылдап, әнге ерекше әсер берді.

Мерекелік концерт соңы отшашумен аяқталды.
null


null
null

null

 

 

Соңғы жаңалықтар