Димаш қазақтың «Дайдидауын» Азия әндері рейтингіне енгізді

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген өткен аптада Қытайдағы «Singer-2017» ән байқауының жетінші кезеңінде өнер көрсетіп, аспан асты еліне қазақтың әнін танытқан еді.

Бұл күнде Димаш шырқаған «Дайдидау» әні «Азияның жаңа әндері» (Freshasia music) рейтингінде 107 341 ұпаймен 15-орыннан көрінді. Ал оның бұған дейінгі шырқаған «Adagio» мен «SOS d'un terrien en détresse» әндері сәйкесінше 41 және 50-орындарды иеленді.

Айта кетерлігі, қазақтың «Дайдидау» әні қытай тілінде де шырқалған. Шыңжаңдық әнші Гао Иін (高樱) 2012 жылы аталмыш ән қамтылған халық әндері альбомын шығарып, италияның «Premio Lunezia» сыйлығын жеңіп алған бірден-бір қытайлық әнші атанды.

 

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген 2015 жылы «Славян базары» халықаралық ән байқауында осы «Дайдидаумен» бас жүлдені жеңіп алды.

«Азияның жаңа әндері» рейтингі азиялық әншілердің Қытайдағы танымалдылығына байланысты жасалады. Онда әндердің тыңдалымы, ақылы түрде жүктеп алынуы бойынша ұпайлар беріліп, рейтинг құрылады. Ол әр 10 минут сайын жаңаланып, жыл соңында жылдың ТОП-рейтингі жарияланады.

Соңғы жаңалықтар