Димаш есірткі баронын құрықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк қаласының полициясында жұмыс істеп жүрген қазақстандық Димаш Ниязов есірткі баронын ұстағаны үшін арнайы наградаға ие болды. Бұл туралы Шымкент қаласындағы жергілікті полиция қызметінің бастығы Данияр Мейірxан Фейсбуктегі  парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нью-йорк қаласында менің əріптесім Димаш Ниязов туралы тағы айта бастады. Өйткені Қазақстанның тумасы арнайы наградамен марапатталды. Оған өз қызметін абыроймен атқарғаны үшін арнайы жетон табысталды. Димаш есірткі баронын құрықтап, Бруклин аумағында қылмыстың төмендеуіне қомақты үлес қосты.  Байқасаңыздар, жетонда Америка Құрама Штаттарының туы бар. Ал төменгі жағында Қазақстанның байрағы бейнеленген», - деп жазды Димаштың қазақстандық әріптесі.

Данияр Мейірxан өз әріптесін құттықтай келе, құқық қорғау органдарында басшылық пен қызметкерлер арасындағы қазіргі қарым-қатынас проблемасын көтеріп, белсенді қызметкерлерге қатысты теріс псиxологиядан, ескі менталитеттен арылу қажеттігі жайында ой қозғайды. «Әлемнің қай мемлекеті болса да, погон таққан адам үшін оның еңбегін бағалайтын басшылықтың болғаны маңызды. Өкінішке қарай, біздің жүйемізде басқаша. Қатардағы қызметкерлер көп жағдайда марапаттаусыз қалып жатады. Тіпті, басшылықтың алғыс сөзін де естімейді. Алайда дәл сол қарапайым қызметкерлердің күн-түн демей, жұмыс істеп жүргенін ұмытпау қажет. Әйтпесе, басшылар нағыз еңбекқор қызметкерлерді мансапқұмар дейді де, олардың жұмыс сапасын көтеруге деген әрекеттерін теріс қабылдайды», - дейді Мейірxан.
null 

Айта кетейік, шымкенттік Димаш Ниязов 13 жасында АҚШ-қа көшіп кеткен. Үш жылдан бері NYPD (New York City Police Department) - Нью-Йорк қаласының полиция департаменті жұмыс істеп келеді. 2017 жылдың басында ол үздік полицей ретінде танылған болатын.

Соңғы жаңалықтар