Димаш ЭКСПО аясында 2 концерт береді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген елордада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында екі күн концерт береді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауқымды концерттік бағдарламалардың ішінде Димаш Құдайбергеннің «Астана Арена» стадионында өтетін  концерті бар. «Астана Аренаға»  22 мың  адам сияды. Қазіргі уақытта, айналдырған 6 күннің ішінде 7 мың билет сатылып кетті. Сондықтан қазіргі уақытта біз Димаш Құдайбергеннің екінші концертін ұйымдастыру мәселесін қарастырып жатырмыз», -  деді министр.

Соңғы жаңалықтар