Димаш Астанаға жасырын келуге тырысқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы «Singer-2017» ән байқауына қатысып жатқан отандасымыз Димаш Құдайберген жобаның жетінші кезеңінің түсірілімінен кейін 25 ақпан күні түнде Астанаға келген болатын. 

Қытайда жанкүйерлерінен аяқ алып жүре алмайтын Димашты Астанада бір шағын топ фанаттары ғана қарсы алғанын жазғанбыз. Бүгін журналистермен әңгімелескен Димаштың ресми өкілі Алпамыс Шәрімов бұның себебін түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Астанаға келетінімізді ешкім білген жоқ. Біз мейлінше жасырын келуге тырыстық. Бірақ, күтіп алған әрбір адамға алғысымыз шексіз. Себебі, біз дәл сол рейспен келетінімізді айтқан жоқпыз, қайдан біліп қойғанын өзіміз де білмейміз. Келеді деп айтылған, бірақ, қай рейспен келетіні белгісіз еді»,-дейді Димаштың ресми өкілі.

Алпамыс Шәрімов сондай-ақ Астанаға келгенде Димашты ешкім қарсы алмады деген пікірлерге түсініктеме берді. Оның айтуынша, Қазақстан мен Қытайда ұшақтарға билет алудың тәртібі екі түрлі. Яғни, Қытайда белгілі бір рейске кімдердің билет алғаны интернетке ілінеді екен.

«Ал, Қазақстанда олай емес. Сондықтан, екі жақтың билет алуының жүйесі екі түрлі болған соң, Димаштың Астанаға келетінін көп ешкім білген жоқ»,-деп түсіндірді Алпамыс Шәрімов.

Айта кетейік, Қытайда өтіп жатқан «Singer-2017» ән шоуының жетінші кезеңінен кейін Димаш Құдайберген Қазақстанға келген болатын.

Соңғы жаңалықтар