Димаш - Астанада

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қытайдың «Singer 2017» ән байқауына қатысып, қазақ мәдениетін әлемге танытқан Димаш Құдайберген бүгін таңғы 06:50-де Астанаға ұшып келді. 




null
 
 
Оны күтіп алуға ата-әжесі, туыстары және өнеріне тәнті жанкүйерлері  келді. Сондай-ақ, әншіні ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, «Астана Опера» опера және балет театрының директоры Ғалым Ахмедияров, «Қазақ әуендері» АҚ президенті Асхат Маемиров, композитор Лұқпан Жолдасов күтіп алды.


 

Бейжің әуежайына Димаш қазақтың көк түсті оюлы шапанын киіп келген. Қытайлық фанаттары әншіні қимай шығарып салды.
null null  

Еске сала кетсек, бүгін 18:30-да Астананың Орталық концерт залында Димаш Құдайбергенмен кездесу өтеді.  Кіру тегін.

 

Соңғы жаңалықтар