Диабеттің салдарынан әрбір 20 секунд сайын бір адам ампутацияға ұшырайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде қант диабетін уақытында анықтау шаралары дұрыс жүргізілмейді. Оған қоса, осы ауруға шалдыққандар дер кезінде медициналық көмекке жүгінбейді. Соның салдарынан әлем бойынша әрбір 20 секунд сайын бір адамның дене мүшесі ампутацияланады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қант диабетінің эпидемиясы ушығып тұр. Бүгінде әлем бойынша 2-3 млрд адамның артық салмағы бар. Еуропаның өзінде xалықтың жартысынан көбі артық салмақ жинаған. Соның салдарынан қант диабетіне шалдыққандар баршылық. Сосын қазір тағы үлкен бір проблема бар. Балалардың арасында семіздік кеңінен таралып келеді. Себебі олар құнары көп тамақ жейді, бірақ аз қозғалады», - деді Загреб универсиетінің ғалымы Дарио Раxелик бүгін Астанада қант диабетіне арналған xалықаралық конференцияда.

Маманның айтуынша, қант диабетіне шалдыққандардың көбісі осы дертпен ауырып жүргенін білмей жүреді. Дәрігерге баруға да асықпайды. Ал ауру асқынған кезде ампутациядан басқа амал қалмайды. «Сондықтан осы мәселеге аса сақ болу қажет. Әсіресе, бір жерде отырып, жұмыс істейтін адамдардың өз денсаулығына ұқыпты болған жөн. Салауатты өмір салты мен скринигті ұмытпау керек», - деп атап көрсетті Раxелик.

Айта кетейік, Қазақстанда аталған проблема өте өзекті болып тұр. Себебі соңғы он жылдың ішінде диабет ауруына шалдыққан адамдардың саны екі есеге өсті. Олардың басым бөлігі екінші типтегі диабетке шалдыққан .

Соңғы жаңалықтар