Диабетпен ауыратындарға тест-жолақтарды отандық өндіруші жеткізетін болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың алғашқы үш айына, яғни 90 күндік қажеттілікті қамтамасыз ету үшін отандық өндірушіден 650 млн теңге сомаға қандағы қант деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін 300 мыңнан артық тест-жолақтары, сондай-ақ қант диабетімен ауыратын пациеттерге глюкометрлар сатып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірыңғай дистрибьютордың тендер қорытындысы бойынша жылдың қалған айларына 1,1 млрд теңгеден астам сомаға тағы 570 мың тест-жолақтар сатып алынады. Қазіргі кезде тест-жолақтары және глюкометрлерді шығаруды әрі жеткізуді отандық өндіруші «Аксель және А» жүзеге асырады. 2015 жылы 7 жыл мерзімге жасалған ұзақ мерзімді шарт аясында мемлекет бұл өндірушіден глюкометрлар мен тест-жолақтарын сатып алады, сондай-ақ отандық жеткізуші сатып алу рәсіміне қатыса отырып, бірыңғай дистрибьютордың тендерлерінің нәтижесінде абсолютті артықшылықтарға ие болады. Тендерге қазақстандық зауыт қатысып отырғанда басқа қатысушылар қарастырылмайды», - деп атап өтілген ҚР ДСМ хабарламасында.

Айтпақшы, 2017 жылы қазақстандықтар отандық өндірушінің тест-жолақтары және глюкометрларымен 1,16 млрд теңгеге қамтамасыз етілді. Бұл заттар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында диспансерлік тізімде тұрған қант диабетімен ауырғандарға берілді.

Соңғы жаңалықтар