Дэвис кубогы: Швейцарияға қарсы ойнайтын теннисшілеріміз анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теннистен Қазақстан құрамасының Дэвис кубогы аясында Швейцарияға қарсы ойнайтын теннисшілеріміз анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған додада Михаил Кукушкин (ATP рейтингінде 69-орын), Александр Недовесов (234) Дмитрий Попко (248), Тимур Хабибулин (783) және дебютант Роман Хасановты (711) бақ сынайды.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Дэвис кубогы 2-4 ақпан күндері аралығында Астанадағы Ұлттық теннис орталығында өтеді. Жарыс 2 ақпан күні сағат Астана уақытымен 12:00-де, 3 және 4 ақпан күндері 14:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Дэвис кубогына 1995 жылдан бері қатысып келеді. Ұлттық құрамамыз 2010 жылы бірінші рет Әлемдік топқа іліккен болатын. Ал 2011, 2013, 2014 және 2015 жылдары жарыстың ширек финалына шықты.

Соңғы жаңалықтар