Дэвис кубогы: Қазақстандықтардың қарсыластары белгілі болды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Хорватияның Вараждин қаласында теннистен Қазақстан және Хорватия құрамалары арасындағы Дэвис кубогының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Теннис федерациясының ресми сайты таратқан мәліметтерге сүйенсек,  бірінші болып кортка Дмитрий Попко мен Марин Чилич шығады. Сондай-ақ, жұма күні Михаил Кукушкин мен Борна Чорич кездеседі. Жұптық сайыста отандастарымыз Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллин корт қожайындары Иван Додиг пен Николай Мектичпен күш сынасады.

Ал соңғы ойын күні Кукушкин - Чилич  және Попко - Чорич арасындағы кездесулері өтеді.

Айта кетсек, Жекелей және жұптық сындағы ойындар 6 және 8-сәуір аралында «Вараждин Арене» спорт кешенінде өтеді. Командалар құмды кортта ойнайтын болады. 

Соңғы жаңалықтар