Дэвис кубогы: Қазақстан-Швейцария құрамалары Астанада кездеседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2-4 ақпан күндері аралығында Астанада Дэвис кубогы Әлем тобының бірінші кезеңінде Қазақстан - Швейцария құрамаларының кездесуі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Теннис федерациясы таратқан мәліметке сүйенсек, қос команданың құрамы 22 қаңтар күні белгілі болмақ.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Дэвис кубогына 1995 жылдан бері қатысып келеді. Ұлттық құрамамыз 2010 жылы бірінші рет Әлемдік топқа іліккен болатын. Ал 2011, 2013, 2014 және 2015 жылдары жарыстың ширек финалына шықты.

Қазақстан - Швейцария кездесуі Ұлттық теннис орталығында 2 ақпан күні сағат 12:00-де басталады. 3 ақпан күні - 14:00-де, 4 ақпанда 14:00-де өтеді. 

Соңғы жаңалықтар