Деструктивті ағымдардан тұрғындарды қорғап қалу жолы - ақпараттан­дыру - найб имам

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Деструктивті ағымдардың кері әсерінен еліміздің тұрғындарын қорғап қалудың өте тиімді әрі нәтижелі жолы - ақпараттан­дыру. «Нұр-Астана» орталық мешітінің найб имамы Әділхан Серікбай Астанадағы ЕЦ-166/10 түрмесінде өткен шарада осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Дін істері жөніндегі басқарма ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінде діни бірлестіктермен бірлескен маңызды шара ұйымдастырды.  Оған «Астана қаласының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» ММ басшысы, әділет полковнигі Н. Рысбаев, «Астана қаласының Дін Істері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы Д. Есин және Астана қаласының діни бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Аталған шара түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілер арасында дінаралық татулықты сақтау, деструктивтік діни ағымдардың таралыуының алдын алу, теріс ағымдардың зиянды тұстарын түсіндіру және оған қарсы тұратын иммунитет қалыптастыруды көздейді.
null

Шара барысында келген қонақтар түзеу мекемесінің барлық ғимаратын аралап көріп, ондағы жазасын өтеушілердің жағдайларымен, теологтың, психологтың және басқа да қызметтердің арнайы мақсаттағы кабинеттерімен танысты. Сондай-ақ сарапшылар қазіргі дін саласындағы мәселелерді талқылады.

«2011 жылы ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң қабылданды және сол құжат бойынша діни бірлестіктер қайта тіркеуден өтті. Қазіргі таңда елімізде дінаралық татулықтың көркем үлгісі қалыптасқан, осындай татулығымызды әрқашан басқаларға үлгі етуіміз қажет», - деп атап өтті Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Данияр Есин.  
null

Түрлі дін мамандары халықты деструк­тивті діни ұйымдардан қорғау жолдарын атап өтті. «Дін - ол шынайы қарым-қатынас. Судың да сұрауы бар демекші біз әрбір ісімізге жауап береміз. Сондықтан да мейлі өзге дін өкілі болса да оған деген мәмілеміз дұрыс болуы қажет. Ислам дінінде дінаралық татулыққа аса мән береді. Дін мәселесінде толықтай хабардар болмайынша, қарапайым халқымыз әртүрлі деструк­тивті діни ұйымдардан зардап шегуді доғармасы анық. Деструктивті ағымдардың кері әсерінен еліміздің тұрғындарын қорғап қалудың өте тиімді әрі нәтижелі жолы - ақпараттан­дыру», - деді«Нұр-Астана» орталық мешітінің найб имамы Әділхан Серікбай.

Ал, рим-католик шіркеуінің епискобы Томаш Петта Бернард «бұл шара өте пайдалы әрі ортақ үйіміз Қазақстанның бір бөлшегі болған Сіздердің уақытша үйлеріңіз, яғни осы мекемедегі жағдайларыңызбен толықтай таныстық, осындай жағдай туғызып отырған мекеме басшылығына алғысым шексіз, бұдан былай жиірек келіп кездесіп тұруға уәде беремін», - деді.
null

Православ шіркеуінің өкілі, Астана қаласының Серафим-Саровский храмының архимандриты отец Иоасаф  бұл мекемеге ай сайын келіп жазасын өтеушілермен кездесіп тұратындығын, және кездесу барысында дінаралық татулықтың маңызды фактор екендігін әрдайым айтатындығын жеткізді.

Аталған, іс-шара қала әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің жұмысы аясында ұйымдастырылып, болашақта жүйелі түрде өткізіледі деп жоспарлануда.
null

Соңғы жаңалықтар