Депутаттар сенбілікті асармен алмастыруды «популизм» деп санайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халық қалаулыларының айтуынша, сенбіліктің өзіндік орны бар. Ал оны асармен алмастыру бастамалары «халықтың көзіне түсу үшін» айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бұл - жай сөз. Талқылайтын нәрсе емес. Бір күнде үй салына ма екен? Популизм. Бір күнде ешқандай үй салынбайды. Әйтеуір, тосын ой үшін айтылған әңгіме. Сенбілік - адамдардың бірге жұмыс істеп, қаланың көріктендіретін, көгалдандыратын күні, одан социализмнің сарқыншағын іздеудің өзі, әшейін, қалай да, тосын ой айту үшін... Бұл жақсылық, бұл көктем күнінде жұртшылықтың өз қаласын көркейтуге бірлесіп жұмыс істеуі ғана», - дейді депутат Сауытбек Әбдірахманов.

Депутат Ахмет Мұрадов та сенбілік пен асарды бөлек қарастыру қажет деп санайды. «Асарды сенбілікпен салыстыруға болмайды деп ойлаймын. Оның мағынасы кең. Қазақта «асар» дейді, шешендерде «белхи» деп атайды. Түріктерде де ондай дәстүр бар. Олар бір түннің ішінде бір үйді көтереді де, ертесінде отбасы ол үйде тұра береді. Оған жақын туған-туысқандар, көршілер атсалысады. Сондықтан жақын адамға көмектесу - ол өсиет, парыз. Ал сенбілік - бұл ортақ іске қосқан тағы бір үлесің, ұжым ішіндегі қарым-қатынастың тағы бір түрі», - дейді Мұрадов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.
null 

Майра Айсина болса, әлеуметтік желілерде «сенбіліктің коммунизмнен қалған бір дәстүр» сияқты пірірталастарды жиі оқиды. «Фейсбукта адамдар «Сенбіліктер не үшін керек? Оны коммунистер ойлап тапты» дегенді көп жазады. Коммунистер ойлап тапса, тапқан да шығар. Дегенмен, ондай шаралардың арқасында біз ортақ іске деген өз үлесімізді қосып отырғанымызды сезіне аламыз», - деп атап көрсетті Айсина.
Айта кетейік, Астанада өткен жиындардың бірінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мемлекет тариxы институты директорының орынбасары, тариxшы ғалым Амангелді Қашқымбаев сенбілікті өтетін күнді қазақтың «асар» атты ұлттық дәстүрі үлгісінде өткізуді ұсынды . «Мен ойлаймын, бүгінде «сенбілік» деген шараның түпкі мақсатын анықтап алуымыз қажет. Өйткені қазіргі кезде біздің ұйымдастырып жүрген сенбіліктеріміз кейде түкке тұрғысыз шараға айналып кетеді. Мәселен, біз 20-30 адамды алып барамыз да, көше сыпырамыз. Ол неғылған сенбілік? Сондықтан сенбілікті тек күл-қоқыс жинаудың шарасы емес, қазақтың «асар» сияқты ұлттық дәстүрі ретінде кеңінен өткізген жөн. Мысалы, бұрын ауылда «асарды» жиі жасайтын. Асар дейді де, біреудің үйін салып береді. Келесі жолы тағы біреудің үйін тұрғызады. Міне, біздің ұлттық болмысымыз сай сенбілік деген осындай болуы керек», - дейді Қашқымбаев. 
null 

Соңғы жаңалықтар