Депутаттар ЭКСПО нысандарын студенттерге жатақхана ретінде беруді ұсынды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутат Владимир Редкокашин Астанада жатақханаға мұқтаж студенттерге бөлмелерді ЭКСПО-ның кейбір нысандарынан беруді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

В. Редкокашин өз сөзінде Астана медицина университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жатақханаға мұқтаж студенттер баршылық екенін атап өтті. Осы орайда ол жоғары оқу орындары ұжымдарымен кездесу барысында жатақхана мәселесіне байланысты өтініштер айтылғанын жеткізді.

«Жалпы елордадағы оқу орындары бойынша жатақханаларда орындардың жетіспеушілігі байқалып отыр. Бұл тұрғыдағы жағдайды шешу үшін Астанадағы ЭКСПО-2017 аяқталғаннан кейін босатылатын кейбір тұрғын үй нысандарын студенттер үйі ретінде берілсе деген ұсынысымыз бар. Онда Астана медицина университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және елодадағы өзге де ЖОО-ларда оқитындар қоныстана алар еді»,-деді депутат.

Бірқатар депутаттардың бұл сауалы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа жолданды. 

Соңғы жаңалықтар