Депутаттар дәрі-дәрмектердің бағасын реттеу туралы заң жобасын қарайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламет Мәжілісінің депутаттары дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдердің бағасын реттеге бағытталған заң жобасын қарауға қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Аталған заңның жобасы Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес дайындалды. Заң жобасының басты мақсаттары - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қол жетімділігі, олардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, дәрілі заттарды ұтымды пайдалану, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуда жоспарлау жүйесін жетілдіру. Заң жобасымен 14 заңнама актілері, оның ішінде Қазақстан Республикасының 5 кодексі мен 9 заңына түзетулер енгізу жоспарланып отыр», - деді Парламен Мәжілісінің жалпы отырысында мәжілісмен Бейбіт Мамраев.

Мамраев әлеуметтік мәдени даму комитеті заң жобасын жұмысқа алып, ол бойынша 2018 жылдың 31 қазанына дейін қорытынды әзірлеуге дайын екенін жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар