Депутаттар БЖЗҚ-ның әзербайжандық банктегі қаржысына қатысты сауал жолдамақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының проблемалық әзербайжандық банкке инвестициялары туралы ақпаратқа пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз зейнетақы мәселелерімен айналысып жатырмыз, осы орайда ертеңге екі депутаттық сауалды әзірлеудеміз. Біріншісіне тоқталатын болсам, неге мемлекет тағы да зейнетақы жинағы қорын жеке қолға беріп жатыр? Неге зейнетақы қоры қаржы айналамы үшін басқа мемлекетке бөлінді? Сонда ақшаны бағыттайтын басқа орындар жоқ па?! Бізде негізінен шетел инвестициялары пайдаланылуда, ал не үшін қаржы Әзербайжанға бөлінді? Осы мәселелерді ескере отырып, тиісті сауалды қойып отырмыз. Бұл ретте қамтылған ұсыныстарымызды ертең нақтырақ білетін боласыздар», - деді депутат тілшілер сауалына жауап беру кезінде.

Айта кетейік, кеше Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін тілшілер сауалына жауап беру барысында депутаты Омархан Өксікбаев әзербайжандық проблемалық банкке БЖЗҚ инвестициясының бағытталуы туралы ақпаратқа өз пікірін білдірген болатын . 

«Менің ойымша, осы қаржыны бөлген қордың менеджменті барлық тәуекелдерді ескермеді, осы орайда тереңірек зерттеп алған жөн болар еді. Есептеудің қандай параметрлері назарға алынғанын қазір айта алмаймын. Әрине, егер де олар қандай да бір сақтандыру мәселелерімен қамтылмаса, онда бұл қаржы жоғалды деп айтуға болады. Бұл өз кезегінде біздің қорымызға тікелей залал келтіреді», - деді О. Өксікбаев. 

Соңғы жаңалықтар