Депутаттар әскерилерді жеке баспанамен қамту туралы заңды пысықтауға кірісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін төменгі палата депуаттарына әскери азаматтарды тұрғын үймен қамтудың жаңа жүйесіне арналған заң жобасы таныстырылды. Оған сәйкес, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік қызметі, әскери прокуратура мен қарулы күштер қызмектерлеріне баспананы жалға алуға бөлінетін қаржы арнайы есеп-шоттарда жиналады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Қорғаныс вице-министрі Әбілқайыр Ысқақовтың айтуынша, бүгінде әскери азаматтардың тек бірінші категориясы, яғни еңбек өтілі 10 жылға дейінгі қызметкерлерге ғана баспананы жалға алу үшін жыл сайын 47 млрд теңге жұмсалады. Келесі жылда аталған сомма тағы 14 млрд-қа өседі.

«Қазіргі жүйе қала берсе, бюджеттен қыруар ақша кетеді. Ал әскери азаматтар баспаналы бола алмайды. Мәселен, Астанада 4 адамнан тұратын бір әскеридің отбасына ай сайын 200 мың теңгедей беріледі. Сонда 25 жылдың ішінде бір отбасыға 50 млн теңге кетейін деп тұр. Ол бюджетке де, әскери адамның өзіне де тиімді емес», - дейді Ысқақов.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа норма бойынша әскери азамат 15 жылда өз пәтеріне кіре алады. Оған сәйкес, баспананы жалға алуға бөлінетін өтемақы банк есеп-шоттарына аударылады. Сөйтіп, жеке баспанаға ақша жинауға жағдай жасалады.

Соңғы жаңалықтар