Денсаулық сақтау министрлігі екпеден кейінгі асқыну оқиғалары жайында деректермен бөлісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігі екпеден кейінгі асқыну оқиғалары жайында деректермен бөлісті. Мұндай оқиғалардың басым бөлігі пациенттің психологиялық-эмоциялық жағдайымен байланысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазақстанда иммунизациядан кейін орын алатын жайсыз жайттардың статистикасы жасалады. Негізінен иммунизациядан кейін орын алатын жайсыз жайттар - бұл интеркуррентті аурулар, яғни вакцинация жүргізу мен өзге де ауруға шалдығу уақыттарының сәйкес келуі. Интеркуррентті инфекциялар вакцина енгізілгеннен кейін кез келгкен күні созылмалы дерт күйінде шығуы ықтимал. Жасөспірім жастағы психологиялық-эмоциялық хал-ахуалға тән құбылыс», - делінген ведомствоның біздің тілшімізге берген жауабында.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылы 15 пен 19 жас аралығындағы қызылшаға қарсы вакцинадан кейін 399 иммунизациядан кейін орын алатын жайсыз жайт тіркелген.

«Олардың ішінде 72 пайызы психологиялық-эмоционалды ахуалға байланысты болған. Диагноз жас ерекшеліктері арқылы анықталды - бұған эмоционалдық тұрақсыздық пен жасөспірім кезеңінде болатын мінез-құлықтық реакцияларға бой алдыратын 16 және 18 жас аралығындағы қыздар бейім келген. Иммунизациядан кейін орын алатын жайсыз жайттардың 23,3%-ы интеркуррентті ауруларға байланысты болған. 4,7 %-ында аллергиялық реакциялар орын алды.  Айта кету керек, 2016 жылы 15 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдерді қызылшаға қарсы екпеден өткізудің арқасында бұл ауруға шалдығатындардың саны 2015 жылмен салыстырғанда 19,5 есе азайды», - делінген министрліктің жауабында.

Соңғы жаңалықтар