Денсаулық сақтау министрі жедел жәрдемнің қанша уақытта келетінін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жедел медициналық жәрдемнің жұмысын өзгертуді көздейді. Осыған орай, арнайы бұйрық дайындалып жатыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ашығын айту керек, бізде жедел жәрдемді шақырғандардың басым бөлігінде аурудың асқынып кетуі тіркелген. Бұл дегеніміз, тұрғындар ауырып жүрсе де, емxанаға бармайды. Өз денсаулығына дұрыс қармайды. Ал ауру асқынып кетсе, жедел жәрдем қызметін шақыра бастайды. Осының нәтижесінде қоңыраулар көбейеді, жедел жәрдемнің жұмысы қауырт болады. Әлбетте, жедел қызметтің келіп жету уақыты да ұзарады», - деді Біртанов xалық алдында есеп беру кездесуі кезінде.

Министрдің айтуынша, қолға алынып жатқан шараларға қарамастан, жедел медициналық жәрдемнің қызмет көрсету уақыты қысқаратын емес. Бүгінде орташа уақыттың көлемі 31 минут құрап отыр. «Ал дамыған мемлекеттерде жедел жәрдем 15 минутта келеді. Біздегі олқылықтың басты себебін мен айттым. Сол себепті біз жаңа бұйрықтың жобасын дайындап қойдық. Онда жедел жәрдемнің нақты қызметтері көрсетіледі. Жедел жәрдем жедел қызметпен айналысуы шарт. Біз соған келуіміз керек», - деп атап көрсетті министр.

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылы Қазақстанда жедел медициналық жәрдем қызметіне 8 млн қоңырау түскен.

Соңғы жаңалықтар