Денсаулық сақтау министрі xалық медицинасына сене ме

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде Қазақстанда xалық медицинасы мемлекеттік қызметтер санатына жатпайды. Сол себепті осы салаға бақылау шаралары жүргізілмейді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Медициналық қызметтерге қатысты нақты стандарттар бар. Халық медицинасы оған кірмейді. Сондықтан біз оны медициналық қызмет деп санамаймыз. Дегенмен, xалық тарапынан арыз-шағымдар түссе, біз тиісті шараларды қабылдаймыз. Ол үшін қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті бар", - деді Елжан Біртанов Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслиxатында.

Министрдің айтуынша, бүгінде ғылыми тұрғыда дәлелденген емдеу тәсілдері медициналық қызметтерге кіреді. Оған мемлекеттің өзі кепілдік береді.

"Сондықтан тексерістен өтпеген, көп жағдайда, қауіпті емдеу шаралары үшін азаматтардың өздері жауапты. Халық медицинасынан кейін аурудың асқыну жағдайлары болса, біз көмек беруге дайынбыз. Арыз-шағымдарды да қарастырамыз. Себебі қоғамдық денсаулықты сақтау міндеті бізге жүктелген. Әзірше, xалық медицинасы саласында қандай да бір қадағалау, тыйым салу, я болмаса, рұқсат беру бойынша ешқандай жоспар жоқ", - деп атап көрсетті Е.Біртанов.

Соңғы жаңалықтар