Денсаулық сақтау министрі неге алаңдаулы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 1 қаңтарында аудандық деңгейдегі барлық медициналық ұйымдарға интернет желісі қолжетімді болады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде денсаулық сақтау саласын цифрландыру тақырыбында өткен Үкімет сағатында еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің атап өтуінше, өңірлерде медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Денсаулық сақтау ұйымдарын компьютерлік техникалармен жабдықтау, олардың интернет желісіне қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында да оң динамика байқалады.

«Бүгінгі күні денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу үлесі 75,5 пайызды құрайды. 2019 жылдың 1 қаңтарында бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді компьютерлік техникалармен қамтамасыз ету 82,7 пайызды құрайды. Ал денсаулық сақтау ұйымының 55,7 пайызына интернет желісі қолжетімді. 2019 жылдың 1 қаңтарында бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Бірақ, тек қана аудандық деңгейде», - деді ол.

Оның айтуынша, әкімдіктердің деректеріне сәйкес 2018 жылдың 1 тоқсанының соңына дейін медициналық ақпараттық жүйені Павлодар, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының 90 пайыздан астам денсаулық сақтау ұйымына енгізу жоспарланған.
«Бұл ретте Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында және Астана қаласындағы медициналық ақпараттық жүйелерін енгізу динамикасының төмен болуы алаңдатып отыр», - деді Елжан Біртанов.

Соңғы жаңалықтар