Денсаулық сақтау министрі ЭКСПО көрмесін өткізуге үлес қосқан мамандарды марапаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елжан Біртанов ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырылуына және өткізілуіне жұмылдырылған үздік медицина қызметкерлерін марапаттады. Бұл туралы ҚазАқпарат еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырылуына және өткізілуіне үздік үлес қосқан медицина қызметкерлерін марапаттау шарасы өтті.

Мамандандырылған көрменің ұйымдастырылуына және өткізілуіне жұмылдырылған 46 медицина қызметкері ҚР Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатын алды.

Іс-шараны аша отырып, Елжан Біртанов 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығындағы кезеңде Астана қаласында өткізілген ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің сәтті аяқталуымен барлық қатысушыларды құттықтап, алғысын білдірді.

Біздің елде өткізілген бұл ауқымды іс-шара Қазақстанның экономикалық мүмкіндігінің өскенін, әлем елдерінің арасындағы оның беделі жоғары орнын көрсетті. ЭКСПО-ға 4 миллионнан астам адам барды, бұл осындай келушілердің көп санына медициналық қызмет көрсету мен санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша шын мәнінде үлкен жұмыс жүргізуді қажет етті. Сондай-ақ бұл іс-шараның денсаулық сақтау ұйымдарының тарихында аналогының жоқтығын көрсетті және де өткізу ұзақтығы 90 күнді құрады.

Сонымен қатар, ЭКСПО-ға зор дайындық жұмысы Астана мен Қазақстанның бірқатар өңірлерінің медицина қызметкерлерін жұмылдыру медицина қызметкерлерінің жемісті еңбегі болып табылатынын атап өтті. Медицина қызметкерлерінің кәсіби, жедел іс-қимылы көмекке жүгінген адамдарға қысқа мерзімде көмек көрсетуге және асқынуларға, келушілердің шағымдарына жол бермеуге мүмкіндік берді.

«Медициналық көмекке 9 мың адам жүгінгенін, оның ішінде бір жарым мыңы шетелдіктер екенін және бірде-бір асқыну жағдайына және өлім жағдайына жол берілмегенін айтсақ жеткілікті»- деді ол.
null

Сондай-ақ министр санитарлық эпидемиологиялық қызмет өкілдеріне профилактикалық жұмыстардың ауқымдылығына қарамастан оларды талапқа сай жүргізген мамандардың жұмысына алғыс айтты.

Мәселен, санэпидқызметтің қызметкерлерімен күн сайын көрменің аумағында орналасқан 85 тамақтану объектісіне және «MEGA Silk Way» СОО бақылау жүргізілді. Тамақ өнімдерінің 35-тен астам атауына зерттеу жүргізілді, азық-түлік өнімдерінің 12 мыңнан астам сынамасына экспресс-сараптама жүргізілді, салмағы 11 тонна болатын азық-түлік өнімдерінің 1625 партиясы жарамсыз деп танылып, ЭКСПР аумағына жіберілген жоқ, оның ішінде 3 тоннадан астам азық-түлік сатылымнан алынып тасталып, жойылды.

Шетелден инфекциялық аурулардың әкелінуіне жол бермеу мақсатында Астана қаласының халықаралық әуежайында шетелден келген адамдарға күшейтілген санитарлық-карантиндік бақылау жүргізілді. ЭКСПО кезеңінде 218 мың жолаушы мен 14 мың экипаж мүшесі тексерілді. Аса қауіпті инфекцияға күдігі бар жолаушылар анықталған жоқ» - деп толықтырды.

Министр осы қарапайым сандар медицина қызметкерлерінің орасан зор еңбегінің айқын көрінісі екендігін, медицина мамандары жеке уақытымен, отбасының жоспарымен санаспай ЭКСПО-ға қатысушылар мен Астана қонақтарына лайықты, жоғары деңгейде медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз еткенін атап өтті.

Елжан Біртанов сөзін қорытындылай келе, медицина қызметкерлеріне халыққа көмек көрсету кезіндегі орасан зор еңбектері, шеберліктері және еліміз үшін маңызды халықаралық іс-шараның талапқа сай өтуі үшін лайықты үлес қосқандары үшін алғысын білдірді. Оларға зор денсаулық, еңбектеріне жеміс және отбасыларының амандығын тіледі.

Соңғы жаңалықтар