Денсаулық министрлігі тұмаудан қайтыс болу оқиғаларын жоққа шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі маусымда Қазақстанда тұмау мен жұқпалы респираторлы-вирусты инфекциядан (ЖРВИ) көз жұму оқиғалары тіркелген жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұмау мен ЖРВИ-ден көз жұму оқиғалары тіркелген жоқ", - делінген ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына берілген жауапта.

Министрлік келтірген деректерге сәйкес, 2017 жылдың қазан айынан бастап, ЖРВИ-мен ауырудың 224 мың оқиғасы тіркелген. Оның 67,4%-ін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды.

Тұмаумен 55 қазақстандық ауырған, оның 21-і - балалар. Болжамдарға сүйенсек, ауру қаупі ақпан-наурыз айларында күшейеді. Елде тұмаудың А және В вирустары тараған. Сонымен бірге, министрлік 2 миллионнан астам адамның тұмауға қарсы екпе салдырғанын атап өтті. Оның   30% - балалар болса, 70% - ересектер. Вакцинадан кейін еш асқынулар болған жоқ.

Еске сала кетсек, «Хабар» телеарнасы ЖРВИ асқынуынан елімізде 5 адамның көз жұмғанын хабарлаған еді. 

Соңғы жаңалықтар