Денсаулық министрлігі әуе апатында қаза болған дәрігерлердің есімдерін атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әуе апатында қаза болған дәрігерлердің есімдерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауыр халдегі жүкті әйелге көмек көрсету үшін 3 қазан күні сағат 18.39-да Алматы қаласынан Шымкент қаласына санитарлық авиация бригадасының 2 дәрігері, атап айтқанда, профессор, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының акушер-гинеколог дәрігері Патсаев Талғар Әнапиұлы мен профессор, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының реаниматолог-дәрігері Артықбаев Жәнібек Түкенұлы ұшып шықты.

Бортта науқастар болған жоқ. Ұшу Республикалық санитарлық авиация орталығының келісімшарты негізінде «East Wing» әуекомпаниясының «АН-28» ұшағында жүзеге асырылды.

Ұшақпен байланыс жойылып, кейін ол Алматы қаласының маңынан табылды. Бес адам қаза болды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қызметтік міндеттерін орындау барысында көз жұмған медициналық қызметкерлердің отбасыларына қайғыра көңіл айтады және моральдық, материалдық көмектер көрсететін болады», - делінген ведомствоның хабарламасында.  

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 3 қазан күні Алматы-Шымкент бағытында санитарлық авиарейсін орындаған «АН-28» ұшағы сағат 18:47-де Алматыдан 28 шақырым қашықтықтарадардан жоғалып кетті .

Сағат 19.15-те ұшақ Алматы облысы Іле ауданының Междуречинск ауылы маңында апатқа ұшырап, өртенгені хабарланды. Бортта болған 5 адам қаза болды.

Азаматтық авиация комитеті ұшақта болған экипаж мүшелерін атады - әуе кемесінің капитаны Қырғызстан азаматы - Г.Н.Цой, екінші ұшқыш Қазақстан азаматы Е.Кутафин.  

Соңғы жаңалықтар