Денис Тен жарыс маусымын Словакиядағы турнирден бастайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жарыс маусымын Словакиядағы Ондрей Непела мемориалы атты халықаралық турнирден бастайды.

Бүгін қысқа бағдарламаның жеребесі өтті. Оның нәтижесі бойынша, Денис Тен 6-нөмірмен өнер көрсететін болды. Жалпы ерлер арасында жекелей сынға Словакия, Беларусь, Канада, Чехия, Эстония, Ұлыбритания, Жапония, Корея, Польша, Ресей, Швеция, Швейцария, АҚШ және Қазақстан елдерінен 22 спортшы қатысады.

Еске сала кетейік, өткен маусымда қазақстандық спортшы үшін соншалықты сәтті өтті деуге келмейді, қаңтар айында оған жарақаттың салдарынан төрт құрлық жарысынан шығуға тура келді. Бостонда өткен әлем чемпионатында Денис тек 11-орынға ие болды.

 Оның үстіне біріншілік барысында жайсыз оқиға орын алды. Жапондық мәнерлеп сырғанаушы Юдзуру Ханю қазақстандық спортшы оны әдейі қағып кетті деп жала жапты. Дегенмен кейін, Ю.Ханю кешірім сұрап, бұл оқиға түсінбестік екендігін айтып ақталды. Маусым соңында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Сеулдегі «All That Skate 2016» мұз шоуына қатысқан. 

Соңғы жаңалықтар