Денис Тен спорттағы карьерасын аяқтай ма?

None
None
АЛМАТЫ. ҚАЗАқпарат - Пхенчхан Олимпиадасында өнер көрсеткен фристайл-могул мен фристайл-акробатшы қыздармен бірге Денис Тен де Алматыға келді. Спортшыларды əуежайдан Спорт академиясының студенттері, оқытушылары, əріптестері, жанкүйерлер күтіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Денис Тен дүбірлі додаға жеңіс үшін емес, жай ғана қатысу үшін барғанын айтты. Бұған оның үсті-үстіне қабаттасқан жарақаттары себеп болған.

«Бұл менің төртінші Олимпиадам. Мен үшін өз бағдарламаммен өнер көрсетудің өзі үлкен мəртебе. Менде сенімнен гөрі күдік басым болды. Бірақ сонда да тəуекелге барып қатыстым. Мен үлкен жарысқа қатысқаныма мүлде өкінбеймін»,- деді Денис Тен.

Қысқа бағдарлама нəтижесі бойынша қазақстандық мəнерлеп сырғанаушы 70,12 балмен 27-орынға табан тіреген болатын. Өз бағдарламасында спортшы күрделі элементтер жасамады. Сондықтан қазылар оның еңбегін орташа бағалады.

Спортшы болашақтағы жоспарымен бөлісті.

«Менде бір апта үзіліс болады. Физиотерапия қабылдап болған соң бапкерім екеуміз біріге отырып келесі Олимпиадаға қатысамыз ба жоқ па, соны шешеміз. Əлем чемпионатына қатысу-қатыспауымыз да екіталай. Алайда менен басқа ол жақта Қазақстанның намысын қорғайтын ешкім жоқ»,- деді Денис Тен.

Соңғы жаңалықтар