Денис Тен өзінің жаңа әнін орындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада-2014 бәсекесінің қола жүлдегері, танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен әлеуметтік желілерде өзінің жаңа композициясынан үзінді орындады.

«Мен сенбі күні орындалған әннің әлеуметтік желідегілердің назарын аударып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарағанына таң қалып отырмын. Мен жаттығулардың арасында тректі қайта аранжировкадан өткізіп шықтым»,-деп жазды ол өзінің Инстаграм желісіндегі аккаунтында. Сонымен қатар ол тизердегі сілтеменің профильге қосылғандығын айтты.

Айта кетейік, спортшы өзін негізгі кәсібінен бөлек салада бірінші рет сынап көріп отырған жоқ. Осыған дейін Олимпиада жүлдегері жеке өзінің шығаруындағы туындыларды орындау сәттерінен үзінділерді жариялаған болатын.

Удивлён, что субботнее напевание привлекло внимание в сети и достигло медиа освещения. Между тренировками пере-аранжировал трек. Тизер можно послушать в SoundCloud (ссылка в профиле).

Видео опубликовано Denis Ten (@tenis_den) Дек 6 2016 в 9:49 PST

Соңғы жаңалықтар