Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатында ел намысын қорғайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін мәнерлеп сырғанаудан Финляндия елінің астанасы Хельсинкиде басталатын әлем чемпионатында ел намысын Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаева қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің ең үздік спортшылары қатысатын додада спортшылар жекелей және жұптасып сырғанаудан үздіктерді анықтайды.

Әлем чемпионатын тікелей эфирде «KazSport» арнасы көрсететін болады. Бүгін қыздар арасындағы қысқа бағдарлама мен жұптық сайыстардың қысқа бағдарламасы бойынша спортшылар жарыс жолына шығады.

Әлем чемпионаты 2 сәуірге дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар