Денис Тен Франция гран-приінде қысқа бағдарламадан кейін жетінші тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Гренобл қаласында мәнерлеп сырғанаудан ел Гран-приінің 5-кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұл додада қазақстандық спортшы Денис Тен де қатысып жатыр. Ол қысқа бағдарламада өнер көрсетіп, 83.70 ұпай алды.  Қорытынды тізімде жерлесіміз жетінші орында тұр.

Бірінші орында 107.86ұпаймен испандық Хавьер Фернандес тұр. Екінші орында 93.92 ұпай алған жапон спортшысы Сома Уно, үшінші - 91.51 ұпаймен ресейлік Алексей Самарин.   

Соңғы жаңалықтар