Денис Тен Азиададағы сәтсіздігі жайлы айтып берді

None
None
САППОРО. ҚазАқпарат - Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Саппорода өткен қысқы Азия ойындарындағы сәтсіздігі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол: «Азия ойындарында жаман нәтиже көрсеттім. Өкінішті! Бірақ аяққа тұру үшін бәріміз алдымен құламаймыз ба? Мұндай бірінші рет болып тұрған жоқ. Жанкүйерлерге жылы қарсы алғандары үшін рахмет! Алайда, Жапониядағыдай бәсекелестік бұрын болмапты. Болашақта осыны ескеремін. Жақында Хельсинкиде көріскенше!», - деп жазды Тен Instagram әлеуметтік желісінде.

Естеріңізге сала кетсек, Тен Азиада-2017 ойындарын жүлдесіз аяқтаған болатын. Ол еркін бағдарламадан 125,90 ұпай, қысқа бағдарламадан  72,98 ұпай жинап, қоссайыстың  қорытындысы бойынша жүлдеге іліге алмады.

Оның жүлдесіз қалуына басты себеп, ол қысқа бағдарлама кезінде қателікке бой алдырып, құлап қалған болатын. Бірақ, Денис Тен жақында ғана Алматыда өткен 28-қысқы Универсиаданың чемпионы атанған. 

Соңғы жаңалықтар