Демалыс күндері елордада екі облыстың жәрмеңкесі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23-24 қыркүйек күндері Астанада Қарағанды және Қызылорда облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Астана қаласы ауылшаруашылық басқармасының басшысы Ардақ Досанов хабарлады.

Оның сөзінше, 8 ай ішінде Астанада 50-ге жуық жәрмеңке өткен. Кейбір аймақтар бірнеше рет келген.

-Жәрмеңкелерде біз 8 млн теңгенің 25 мың тоннадан астам өнімін өткіздік. 23-24 қыркүйек Қарағанды мен Қызылорда облыстарының бірлескен жәрмеңкесін ұйымдастыру жоспарлануда. Онда 500 тонна өнім саудаланады, - деді Досанов мырза.

Естеріңізге саламыз, жәрмеңке Қ.Мұңайтпасов көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешені аумағында өтеді.

Айта кету керек, елордаға жыл басынан бері дистрибьюторлік арналар арқылы 80 мың тонна азық-түлік жеткізілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25-30%-ға көп. Мұндай шаралардың барлығы бағаны бақылауға және барлық тауар топтары бойынша өсім болған жағдайда да өнімдердің жетіспеушілігін, жылдам қымбаттауын болдырмады.

Соңғы жаңалықтар