Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 315.43
EUR 342.75
RUB 5.55
CNY 45.88

Демалыс күндері елордада 2400 азамат уақытша тіркеуге тұрды

 Демалыс күндері елордада 2400 азамат уақытша тіркеуге тұрды
2017 жылғы 9 қаңтар 10:27 1170

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7-8 қаңтар демалыс күндері Астанада 6500-ден астам азамат тіркеуге тұрса, оның ішінде шамамен 2400 адам уақытша тіркелді. 

Бұл туралы ҚазАқпарат Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қалалық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Батырлан Есенбайдың атап өтуінше, тұрғылықты жері бойынша азаматтардың уақытша тіркеуге тұруы туралы көші-қон заңнамасындағы жаңа ережелерге байланысты ағымдағы жылдың 7-8 қаңтарында Астана қалалық ІІД Көші-қон полициясының қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды қабылдады.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтарында халыққа ыңғайлы жағдай жасау және азаматтардың тіркелу үдерісінен жедел өтуін қамтамасыз ету мақсатында қала аудандарындағы халықтың тығыздығына байланысты көші-қон полициясының жұмыс орны төрттен алтыға дейін ұлғайтылды. Демалыс күндері Астана бойынша жалпы 6500-ден астам адам тіркелді, оның ішінде 2400 азамат уақытша тіркеуге тұрды», - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, тұратын немесе уақытша тіркеуге тұру үшін пәтер иесінің (пәтер иесі жеке куәлігімен өзі келуі қажет) немесе пәтер иесінің сенімді тұлғасының келісімі қажет. Сонымен қатар тіркелушінің жеке куәлігі мен 226,9 теңге мөлшерінде тұрғылықты мекенжайға тіркелгендігі үшін мемлекеттік салық төлегендігі туралы түбіртегі  қажет болады. 

 

 

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер