«Delta Bank» KASE-нің сауда-саттық шараларынан аластатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық қор биржасының шешімімен (KASE) 25 сәуірден бастап, KASE-нің «валюталы», «қорландырылған» дәрежелері бойынша мүшесі болып табылатын «Delta Bank» АҚ құнды қағаздар және шетелдік валюталар саудасынан шеттетілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

KASE-нің ақпараттары бойынша, осы шешіммен басқарма өкілдері банктің клирингтік қатысушысының мәртебесін жойды.

Шешім KASE-нің «Мүшелік туралы ереже» деп аталатын ішкі құжатының 11 бабы, 1 бөлімі, 6) тармақшасының және «Қаржылық құралдармен келісімшарттар бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру ережесі» атты ішкі құжаттың 6 бабы, 1 бөлімі, 2) тармақшасының талаптары негізінде, банктің биржа саудасында жасаған келісімдері бойынша өзінің мойнына алған міндеттемелерін орындамауына байланысты қабылданды.

25 сәуірде банктің шетелдік валюталар нарығында міндеттемелері жоқ болатын. Банктің осы күнге орындалмаған міндеттемелері оның активтері тарапынан қамтамасыз етілді. Сәйкесінше, банк тарапынан өзінің міндеттемелерін орындамау әрекеті биржаның өзге мүшелеріне теріс әсер ете алмайды, делінген хабарламада.

Бұған қоса, осы шешім негізінде банктің KASE-ге мүшелігі тоқтатылды. Өйткені қатысушысының биржалық саудадан шеттетілуі автоматты түрде оның мүшеліктен шығуын талап етеді.

Соңғы жаңалықтар