Делиде Қазақстан армиясының 26 жылдығы аталып өтті

None
None
БЕЙЖІҢ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Үндістан Республикасындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери атташе аппараты ҚР Қарулы Күштерінің 26 жылдығына орай қабылдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшісі Болат Сәрсенбаев, Үндістан Қорғаныс министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Шамбу Кумаран, Нью-Делидегі дипломатиялық өкілдіктер, шет мемлекеттердің әскери атташелері, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының өкілдері, Үндістанның әлеуметтік-саяси және іскер топтарының басшылары қатысты.

Қазақстан мен Үндістан мемлекеттерінің әнұрандары орындалғаннан кейін жиналғандарға арнап Болат Сәрсенбаев сөз сөйледі. Ол өз сөзінде әскери-техникалық ынтымақтастық - Қазақстан мен Үндістан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестіктің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
null

Ал Үндістандағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери атташесі Махамбет Бисенов екі елдің Қарулы Күштерінің ынтымақтастығын тереңдетуге қазақстандық тараптың дайын екендігін білдірді.

Қонақтар шара барысында Қазақстан, оның әскері мен әскери-өнеркәсіптік кешені туралы фотосуреттер мен бейнелерді тамашалады.
Еске сала кетсек, 1992 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Қарулы Күштері құрылған болатын.

null

Соңғы жаңалықтар