Декреттік демалыстағы ару «Miss Virtual Kazakhstan» байқауында жеңімпаз атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Miss Virtual Kazakhstan - 2018» жыл сайынғы сұлулық байқауында 26 жастағы Атырау аруы Айзада Жолмағамбетова жеңімпаз атанып, бас жүлде - Nissan Almera көлігіне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат байқаудың Инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап.

Байқауда жеңімпаз атанған атыраулық Айзада Жолмағамбетова - бір ұл тәрбиелеп отырған декреттік демалыстағы ана.

«2016 жылы тұрмысқа шығып, 2017 жылы ана атандым. Қазіргі таңда декреттік демалыстамын. Мисс Виртуал конкурсына қатысу арқылы өз-өзіме деген сенімділігім артып, қызықты адамдармен таныстым. Декреттік демалыс, соның ішінде Мисс Виртуал КЗ конкурсы - өзімнің жаңа қырларымды ашуға мүмкіндік берді», - деді конкурс жеңімпазы Айзада Жолмағамбетова.

null 

Айта кетейік, сұлулық байқауының финалы 2018 жылдың 5-19 ақпаны аралығында жасырын интернет-дауыс беру арқылы өткен. Оған Қазақстанның түрлі өңірінен 16 бойжеткен қатысты.

Соңғы жаңалықтар