Дайверлер екі күн бойы крокодилдер арасында жүзді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ пен Ұлыбританияның екі турисі Мексика жағалауында екі күн бойы крокодилдермен бірге жүзіп, оларды видеоға түсірген.

Лондондық Эндрю Трейс пен Колорадодан Уильям Драмм (АҚШ) Юкатан жарты аралында  дайвингпен және су асты түсіру жұмыстарымен айналысқан.

Трейстің айтуынша, екі күннің ішінде олар шамамен 12 крокодилмен кездескен. Олардың ең ірісінің ұзындығы 4 метрге жеткен көрінеді.

Бұлардың жанында үнемі жуасытушы қатар жүзіп жүрген. Ол крокодилдерді адамдарға өте жақын келген жағдайда итеріп жіберіп отырған.

Оның сөзіне қарағанда, бауырымен жорғалаушылармен бетпе-бет кездесу кезінде  қорқынышты еш сезінбеген. Тіпті кейде жақын жүзгендіктері соншама, крокодилдің көзіне үңіліп қараудың да сәті түскен.

 

Соңғы жаңалықтар