Давид Лемье «Golden Boy»-дың құпия жоспарын ашып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық боксшы Давид Лемье алдағы жекпе-жекте Билли Джо Сондерсті жеңсе, мексикалық Сауль Альвареске қарсы шығатынын мәлімдеді. 

Аталған жоспар жайында «Golden Boy» промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойяның өзі айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Головкинге қарсы реваншқа дейін «Канеломен» шаршы алаңда кездесе аламын деп сенемін. Негізі, екеуімен де жұдырықтасуға дайынмын. Кім бірінші болады, сонымен шыға беремін. Алайда Оскар Де Ла Хойя WBO белбеуін жеңіп алсам, «Канелоға» қарсы жекпе-жекті ұйымдастырып беремін деп айқан. Негізгі жоспар осы-ау деймін», - деді Лемье SecondsOut сайтына  берген сұхбатында.

Айта кетейік, алдағы 16 желтоқсан күні Давид Лемье (38-3, 33 КО) британдық Билли Джо Сондерспен (25-0, 12 КО) жұдырықтасады. Бұған дейін кәсіпқой боксшылар мен осы саланың сарапшылары «Golden Boy»-дың құпия жоспары жайында талай рет айтқан. Соған сәйкес, бұл жекпе-жекте Давид Лемье жеңсе, Оскар Де Ла Хойя 5-мамырда оны Сауль «Канело» Альварске қарсы оп-оңай шығара салады. Себебі канадалық боксшы «Golden Boy» компаниясымен жұмыс істейді. Ал Головкинге қарсы реванш қыркүйекке дейін шегеріледі деген болжам бар . 

Соңғы жаңалықтар