Дауылды жел салдарынан Жамбыл облысының үш ауданы жарықсыз қалды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының үш ауданы жақында болған қатты дауылдан зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Метеорологиялық қауіпті құбылыс - оңтүстік-батыс пен батыстан соққан жылдамдығы 30 метр секундқа дейін жететін жел салдарынан облыстың үш ауданында электр жарығы сөніп қалды», - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Жуалы ауданына қарасты Билікөл, Қолтоған және Ертай ауылдарының тұрғындары, шамамен 200-ге жуық абонент жарықсыз қалды. Сарысу ауданында Түркістан, Арыстанды және Үшбас елді мекендерінің 190 абоненті зардап шекті. Талас ауданында Қаратау қаласының жеке секторындағы 170 абоненттің электр жарығы сөніп қалды.

Жамбыл облыстық ТЖД атап өткендей, бұл аудандардағы әлеуметтік нысандар автономды режімде жұмыс жасап тұр. Зардап шеккендер жоқ. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 12 адам мен «ЖЭС» ЖШС-ның 4 техникасы жұмылдырылды.

Облыстағы тас жолдардардағы жағдай бірқалыпты.

Соңғы жаңалықтар