Дәурен Абаев жалған ақпарат таратқан БАҚ-қа жүктелетін міндетті айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Фейсбуктегі парақшасында Парламент қарауына жіберілген ақпарат және коммуникация саласы бойынша заң жобасының нормаларын түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл бейнежазбада мен биылғы жазда Парламент қарауына ұсынылған ақпарат және коммуникация саласындағы заң жобасының бірқатар нормаларын түсіндірдім. Жақында қазақстандық медиа қауымдастықта резонанс тудырған ең даулы нормаларға қатысты министрліктің ұстанымын білдіретін жаңа бейнежазбамды жариялаймын», - деді Дәурен Абаев Фейсбуктегі парақшасында.

Бейнежазбада Дәурен Абаев ақпарат және коммуникация саласындағы заң жобасымен БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізу туралы Парламентке жасалған ұсыныс барлық қазақстандыққа қатысты екенін сондықтан, оны қарапайым тілмен түсіндіріп беру қажеттігін айтқан.

«БАҚ танымал адамдар туралы ақпаратты аңдитыны ешкімге құпия емес. Ол әншілер, спортшылар, актерлер тағысын тағылар. Ондай ақпараттардың дені негізсіз әңгіме мен болжамдарға сүйеніп жазылатыны белгілі. Ол ақпарат отбасына, жеке өмірі мен денсаулығына қатысты болуы мүмкін. Көп жағдайда дұрыс емес ақпарат адамның репутациясына әсер етеді. Тіпті, ол қате ақпарат болғанның өзінде оны теріске шығару оңай болмайды. Ең соңғы шешім - сотқа шағымдану. Ол айлап жүйкеңді жұқартатын жұмыс. Және барлығы да сотқа шағымданып құқығын қорғауға белсенді емес, оның ішінде желсөздің құрбаны болған қарапайым адамдар. Мәселен, «14 жаста отбасын» құрған маңғыстаулықтар туралы ақпарат. Кейін олардың кәмелет жасқа толғандары анықталды. БАҚ теріс ақпаратты жариялап қана қоймай, жас жұбайлардың суреттерінде жария етті. Осыдан кейін еліміздің барлық аймағынан жас жұбайларға сын таққан, айыптаған, тіпті қорлаған пікірлер айтылды. Жел сөздің жетегінде кеткен БАҚ жас жұбайлардың өмірін қиындатты. Енді азаматтың талабы бойынша БАҚ жазылған ақпараты үшін дәлел келтіруі қажет. Егер ондай дәлелі болмаса, теріске шығарғанын жариялайды. Бұл түзету БАҚ ақпаратты жарияламас бұрын тағы бір тексеру қажеттігін қосымша міндеттейді», - деді Дәурен Абаев.

Соңғы жаңалықтар