Дәурен Абаев үндістандық сериалдардан қалай құтылатынын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы жылы Қазақстанда сапалы сериалдар түсірілетініне күмәнданбаймын. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Отандық телеарналардың көрсетілімін, сапасын көтереміз. Сериалдар түсіріліп жатыр, келесі жылы оннан кем емес сапалы, рейтингі өте жоғары болатын телехикаялар түсіреміз»,-деді Д. Абаев.

Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, бүгінде Үндістан мен Кореяның сериалдарына тұрғындар тарапынан сұраныс бар.

«Бұл бағытта ауқымды жұмыстарды атқарамыз. Әсіресе, біртіндеп мемлекеттік арналарда шетелдік телехикаялардан бас тартатын боламыз. Алайда, қазір сұраныс болғандықтан, оларды бірден алдыртып тастасақ, еліміздегі аудитория шетелдің арналарына кетіп қалуы мүмкін. Сондықтан да біз сол теңгерімді сақтап, тиісті жұмыстарды іске асырып, сапаны көтеріп, аудиторияны жоғалтпаймыз деп ойлаймын»,-деді министр.

Осы орайда Абаев қазақстандық жобалар саны елеулі түрде артатына тоқтала келе, келесі жылы Қазақстанда сапалы сериалдар түсірілетініне күмән жоқ екеніне, сондай-ақ бұл телехикаялар алдағы уақытта шетелге сатылатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар