Дәурен Абаев: Өкінішке қарай теріс мазмұндағы сайттар мыңдап ашылып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттің заңнаманысына қайшы келетін сайттарды анықтауға тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Мәжілісте ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжіліс депутаты Кәрібай Мұсырман министрден теріс мазмұндағы сайттарға тыйым салу шаралары туралы сұрады.

«Мемлекеттің заңнамасына қайшы келетін сайттардың барлығын жауып жатырмыз. Яғни мыңдаған сайттың жұмысын тоқтаттық, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі пабликтерді жаптық. Осыдан екі-үш ай бұрын балаларды суицидке итермелейтін сайтар мен пабликтер пайда болған кезде тиісті шараларды қолдандық»,-деп тоқталды министр.

Осы орайда Абаев министрліктің сайтына тұрғындарды толғандырған мәселелер бойынша тиісті сілтемелерді жіберсе, қажетті тексерулер міндетті түрде жүргізілетінін атап өтті.

«Мыңдап жапқанымызбен, өкінішке қарай ондай сайттар мыңдап ашылып жатыр. Бұл процесті тоқтату өте қиын, бірақ осы жұмыстар аясында тәулік бойы арнайы мониторинг жүргіземіз»,-деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. Заң жобасы аясында 4 кодекс пен 12 заң жобасына 200-ден астам түзетулер енігізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар