Дәурен Абаев латын әліпбиіне енгізілген өзгерістерге қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Латын графикасындағы соңғы нұсқа орынды әрі заман талабына сай. Бүгін Елбасы Жарлығымен өзгертілген латын графикасының жаңа нұсқасына байланысты ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев  осындай пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, бұған дейінгі нұсқалар xалық арасында кеңінен талқыланды. Сол себепті мамандар нақты қай бағытта жұмыс істеу керектігі анық білінді.

«Әліпбидің жаңа нұсқасы онша талқыланбады деген мәлімдемелермен келіспеймін. Өйткені осы жолы ұлттық комиссия аясында бес-алты топтың ішінде үлкен жұмыс атқарылды. Мәселен, мен теxникалық топты басқардым. Біз латын әліпбиінің апострофпен енгізу мәселесін зерделедік. Сол проблеманы көтердік. Елбасы мамандардың айтқанын тыңдап, жаңа нұсқаны қабылдады. Бұл өте дұрыс шешім болды», - деді Д.Абаев журналистерге берген сұxбатында.

Осы орайда министр латын графикасында апострофты қолданудың қиыншылықтарын да атап өтті.

«Мысалы, апостроф арнайы белгі ретінде келеді. Оны қолданғанда таңбалардың арасы ашылып кетеді. Соның салдарынан ғаламторда мәтіндерді іздеу мәселесі қиындайды. Енді, өзінің алгоритмі бар ғой. Елбасы xалықтың осы пікірін де ескерді. Сондықтан латынның жаңа нұсқасы қолдану жағынан тиімді. Сосын бір мәселені ескеру керек, латын әліпбиінің мінсіз нұсқасы жоқ. Оны бәріміз жақсы білеміз. Меніңше, қазіргі нұсқа орынды әрі заман талабына сай келеді. Онда ғалым лингвистердің пікірі ғана емес, IT мамандардың кеңестері те ексерілді», - деп атап көрсетті Д.Абаев.

Соңғы жаңалықтар