Дәурен Абаев: «KazSport» хабар таратуды тоқтатпайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпарат және коммуникациялар министрі Даурен Абаев «KazSport» телеарнасының ақпарат таратуды тоқтататыны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Құрметті достар, бүгін бірқатар БАҚ-та KazSport HD телеарнасы таратылымын толықтай тоқтататыны жөнінде ақпарат пайда болды. Алайда, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Аталған ресурс бұрынғысынша «Отау ТВ» жерсеріктік операторының пакетінде қолжетімді бола бермек»,-деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Бұған қоса, ертеңнен бастап «Хабар» мен «Қазақстан» телеарналары «Отау ТВ» пакетінде жоғары сапалы HD форматында хабар тарата бастайды»,-деп мәлімдеді министр.

Соңғы жаңалықтар