Дәурен Абаев қазақстандықтарды белгісіз батырлар туралы жазуға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қазақстандықтарды белгісіз батырлар жайында жазуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жоба «Қазақстанның 100 жаңа есімі» деп аталады. Біз елімзідің игілігі үшін жұмыс істейтін, белгісіз батырлар деп айта алатын кемінде 100 адам тапқымыз келеді. Барынша толық ақпаратты тамыз айында ұсынатын боламыз. Қазірдің өзінде мың  өтінім түсті. Оның 300-ден астамын  el.kz сайтынан таба аласыздар. Барлық азаматты бұл жобаға белсенді қатысуға шақырамын. Біздің еліміздің дамуына зор үлес қосқан немесе қосып жүрген, бірақ оны ешкім білмейтін таныстарыңыз, көршілеріңіз бар шығар. Игілікті істі бірігіп атқарайық. Ол адамдар туралы сайтта жазыңыздар. Біз міндетті түрде қарап, тізімге қосатын боламыз. Айтарлықтай өлшемшарттар мен шектеулер жоқ. Меніңше, әрбір тарих жеке қарастырылуы тиіс», - деді ол.

Оның айтуынша, өтінімдер 15 қыркүйекке дейін қабылданып, одан кейін дауыс беру жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынып, бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн болатындығын айтқан еді.  

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы - Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады», - деген еді Елбасы. 

Соңғы жаңалықтар