Дәурен Абаев: Ислам әлемін бір жерде тоғыстыру - Елбасының беделі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ислам әлемін бір жерде тоғыстыру - Елбасының беделі. Мұндай пікірді бүгін «Хабар» телеарнасындағы «Ашық сұхбат» бағдарламасында еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев білдірді.

Бағдарлама барысында министр елімізде латын әліпбиіне көшу, медициналық сақтандыру, тіпті, Абу-Даби плаза құрылыс кешеніндегі жанжалдың қоғам арасында кеңінен талқыға түскенін атап өтті.

«Бұлардың барлығына тоқталғым келмейді. Өйткені, олар қоғамда кеңінен талқыға түсті. Бірақ, мен айтылғанымен барынша назар аударуды қажет ететін шараларға көңіл аударғым келеді. Оның біріншісі - Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиті. Ойлап көріңіздерші - 83 елдің делегациясы Астанада бас қосты. Мұндай саммиті қуатты елдердің өзіне өткізу барысында біраз қиындықтар туғызатын еді. Демек, бұл ретте барлық мемлекеттік органдардың, ведомстволардың бірлескен жұмысының нәтижесі көрінді. Меніңше бұл саммиттің маңыздылығы ЕҚЫҰ саммитінен асып түспесе де кемшін болған емес»,- деді Д.Абаев.

Сонымен қатар ол Еуропалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикалық даму, саяси көзқарас тұрысынан бірдей саясат ұстанбайтындығын баса айтты.

«Ал бүкіл ислам әлемін бір жерге тоғыстыру - бұл Елбасының беделінің арқасында орын алды, 83 елдің делегациясының басы қосылды. Оның ішінде шамамен 15 мемлекет басшысы бар. Демек бұл маңызды шара болды», - деді Дәурен Абаев.

Соңғы жаңалықтар