Дәурен Абаев бірқатар БАҚ-тың ЭКСПО аумағына көшуіне қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары ЭКСПО аумағына көшуі мүмкін деген әңгімеге қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бұл мәселе қазір қарастырылып жатыр. Біз нақты кімнің көшетінін міндетті түрде жариялаймыз. Бұл бізге ғана емес, ЭКСПО-ға (Ұлттық компаниясы - ред.) да байланысты. Барлық дайындық жұмыстары аяқталған соң, біз көшетін боламыз. (...) Мұнда тек мемлекеттік БАҚ қана болмайды», - деді ол EXPO-2017 көрмесінің туристік аумағының ашылу салтанатында.

Еске сала кетсек, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі жетекші БАҚ-тардың орталығы болатынын атап өткен болатын. Ол өз сөзінде «көрменің бір бөлігі ыңғайлы инфрақұрылым ретінде өзін көрсете білгенін» айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар