Дәурен Абаев барлық аудан орталықтарындағы интернеттің сапасын тексеруді тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев еліміздегі барлық аудан орталықтарындағы интернеттің сапасын тексеруді жүктеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«2017 жылдың соңындағы жағдайы бойынша 4G стандартты жоғары жылдамдықты интернет желісіне 50 мың халық тұратын барлық елді мекендер, сондай-ақ, аудан орталықтары қамтылды. Осыған байланысты Телекоммуникация комитетіне аумақтық инспекцияларымен бірге осы жылдың алғашқы тоқсанында аталған өңірлердегі байланыстың сапасына талдау жасауды тапсырамын», - деді министр ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Дәурен Абаев келтірген мәлімет бойынша, қазақстандық телекоммуникацияның нарығында жоғары әлеует бар.

«Бүкіләлемді экономикалық форумның мәліметіне сәйкес, Қазақстан интернет қолданушылары жағынан 137 мемлекеттің ішінде 5 позицияға көтеріліп, 36 орында шықты. Интернетті қолданушылардың саны 2017 жылы халықтың 77 пайызына тең болды. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 4 пайызға жоғары», - дейді Абаев.

Министр сонымен қатар өз сөзінде биыл «ҚР-ның ауылды елді мекендерінде талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы» жобасын жүзеге асыра бастайтынын еске салды.

Соңғы жаңалықтар